НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 




Счетчик посещений

Новости : «Домбыра-думан»

     2016 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Қостанай облысының 80 жылдығына және Ішкі істер министрлігі Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу орны болып құрылғанына 45 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараның жалғасы қалалық «Мирас» мәдениет үйінде облыстық «Қостанай таңы» газеті және ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұйымдастаруымен республикалық «Домбыра-думан» шығармашылық фестивалі өтті.

     Фестивалдің ашылу салтанатында Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйледі. Академия бастығы бұл шараның осымен бесінші рет өткізіліп отырғанын атап айтты.

   Фестивальдың республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырғаны осы оқу орнының басшылығы мен оқытушы –профессорлық құраманың ерен еңбегінің арқасы екені анық. Фестивальге ІІМ министрлігінің өкілдері мен оқу орындарының талатты жастар бақ сынады. «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» демекші күй және дәстүрлі ән номинациясы бойынша  20-дан астам сайыскерлері қатысып өз өнерлерін паш етті.

      «Домбыра-думан» сайысына Қазақстан Республикасы Ішкі Істер минситрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық күндізігі оқу факультетінің бірініші және екініші курс курсанттары: Серік Әділет,  Давлетов Бауыржан, Бекжанов Маулен, Исаев Мейрбек сынды домбырашылардан  құралған квартет күй номинациясы бойынша жақсы өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталса, жеке дәстүрлі ән орындау номинациясы бойынша жүлделі үшініші орынға екінші курс курсанты Нұрдаулет Ақан ие болды. Аталған іс - шараға  ӘГПТ және ПД кафедрасының профессоры азаматтық қорғау полковнигі Д. Қ.Шаяхимовтың басшылығымен қатысып қайтты. Осы «домбыра-думан» сайысына курсанттарды институттың тәрби жұмысы бөлімі дайындаған болатын.

    «Домбыра-думан» фестивалі өте жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылар мен қонақтар қазақтың қаситетті домбырасының құдіретін сезініп, күй өнерінің сыйқырлы әлеміне саяхат жасағандай әсер алып, бойлары мол рухни азыққа кенелді.

     Келесі күні Көкшетау техникалық институтының күндізігі оқу факультетінің бірініші және екініші курс курсанттары Ішкі істер министрлігі Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының біріші курс курсанттарының ант қабылдау рәсімен қонақ ретінде қатысып қайтты.

 

КТИ баспасөз қызметі

Текст