НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 




Счетчик посещений

Новости : ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы құттықтайды

15.12.2020

Құрметті Сырым Дүйсенғазыұлы!

Сізді және Сіз басқарып отырған Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтының ұжымын Республикамыздың  әр азаматы үшін айтулы мерекесі 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.

Бұл  мереке шын мәнінде мемлекетіміздің еркіндігі мен күш-қуатының нышаны болып табылады. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі,  ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, ісіңізге мол табыс тілейміз.

 

Ізгі тілекпен, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы  академиясының  бастығы  полиция  полковнигі  О.Смаилов

Текст