НАМ 25 ЛЕТ

Календарь


«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 




Счетчик посещений

Новости : Визит начальника Департамента кадровой политики МЧС РК

12.03.2021

     Көкшетау техникалық институтының оқу орталығына Қазақстан Республикасы ТЖМ кадр саясаты департаментінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Шахмардан Әзірбаев пен кәсіби және идеологиялық даму басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Айдос Сыздықов жұмыс сапарымен келді.

     Кездесу  барысында  оқу  орталығының  бастығы  Азамат  Құсайынов қонақтарды оқу сыныбымен,  орталықтың  материалдық-техникалық базасымен  таныстырды.

     Сондай-ақ, Ш.Әзірбаев "өрт сөндірушілер"санаты бойынша оқуға үміткерлерді іріктеу бойынша әңгімелесу барысымен танысты.

     ҚР ТЖМ департаментінің бастығы аумақтық бөлімшелерде аталған кадрлардың айтарлықтай саны бар екенін ескере отырып, жүргізуші құрамды қайта  даярлаудың қажет екендегін  атап өтті. Айта кетейік, биыл оқу орталығы  5 маманды жүргізушілік қызметке қайта даярлады.

     Одан әрі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов қонақтарды №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт-техникалық және  авариялық-құтқару жабдықтарымен таныстырды.

     Азаматтық қорғау подполковнигі  Ш.Әзірбаев оқу орталығы ұжымына қазіргі бағыттағы жұмысын  жалғастыруды тапсырды.

 

     КТИ баспасөз қызметі

Текст